«МҰХТАР МҰРАСЫ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ \ПРОВЕДЕН ЧАС ДОБРОПОРЯДОЧНОСТИ НА ТЕМУ: «НАСЛЕДИЕ МУХТАРА – ИСТОКИ ДОБРОПОРЯДОЧНОСТИ» » М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 25-45-76
Есепші:
+7 (7232) 28-04-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «МҰХТАР МҰРАСЫ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ ПРОВЕДЕН ЧАС ДОБРОПОРЯДОЧНОСТИ НА ТЕМУ: «НАСЛЕДИЕ МУХТАРА – ИСТОКИ ДОБРОПОРЯДОЧНОСТИ»
13
қыркүйек
2022

«МҰХТАР МҰРАСЫ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ \ПРОВЕДЕН ЧАС ДОБРОПОРЯДОЧНОСТИ НА ТЕМУ: «НАСЛЕДИЕ МУХТАРА – ИСТОКИ ДОБРОПОРЯДОЧНОСТИ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай, жазушының парасаттылық пен ізгілікке жетелейтін шығармашылығына арналды.
«Мұхтар мұрасы – парасаттылық бастауы» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында Мұхтар Омарханұлының шығармашылығы арқылы жастарға жақсы біліммен қатар әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарының маңыздылығы түсіндірілді.
Ғалым қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық мәселелері туралы іргелі еңбектер жазған.
Қазақ әдебиетінің ұлы классигі, әдебиет сыншысы, тамаша педагог Мұхтар Әуезовтің даралығы мен даналығы, заңғарлығы мен дархандығы қай салада болмасын көрініс тауып отырған.
Онлайн-дәріс барысында жастар жазушының адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты. 
Өз еңбектері арқылы адалдықты мұра еткен кемеңгер Мұхтар Әуезов «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек» - деген. Яғни, адалдықты, парасаттылықты – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі ретінде насихаттаған. 
Мұхтар Әуезовтің туындыларының ішіндегі шоқтығы биік еңбегі – «Абай жолы» роман-эппопеясы. Бұл еңбек қазақ халқының тұрмысы мен қасиетін, ұлттық танымы мен болмысын тамаша суреттеген қазақ әдебиетінде бірегей орынға ие еңбек, әрі бүкіл қазақ халқының мақтанышы.   
Ғалым Мұхтар Омарханұлы “Ғылым” атты мақаласында: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. … Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек...» деп оқу, білімді дәріптей отырып, бала тәрбиесіндегі қоғамның алар орнын ерекше атап өткен. 
«Адалдық сағатының» ұйымдастырушылары адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттерді насихаттау арқылы жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болады деп сенім білдіреді.


Очередной «Час добропорядочности» Департамента Агентства по противодействию коррупции по ВКО в честь 125-летие великого писателя, общественного деятеля, известного ученого Мухтара Ауэзова, посвящен прекрасным мыслям писателя о духовности и доброте, которые он оставил в наследство молодому поколению. 
В ходе онлайн-видеоурока на тему «наследие Мухтара – истоки добропорядочности» через творчество Мухтара Омархановича молодежи было разъяснено значение ценностей справедливости, добропорядочности и доверия, а также хороших знаний.
Ученый Мухтар Ауэзов собрал и систематизировал казахскую устную литературу, написал фундаментальные труды по истории казахской литературы, о жизни и творчестве Абая, литературоведению и теоретическим проблемам фольклора. 
Индивидуальность и мудрость, признание народа его как великого классика казахской литературы, литературного критика, блестящего педагога Мухтара Ауэзова находят отражение в разных аспектах жизни человека.
В ходе онлайн-лекции молодежь ознакомилась с философскими взглядами писателя о человеческих ценностях. 
Мухтар Ауэзов, унаследовавший честность своими произведениями, сказал: «Не верьте в свои силы, а верьте честному делу. Для успеха любого дела есть три условия: сначала - желание, затем – сила и дисциплина». Он считал честность и добропорядочность одним из самых ценных человеческих качеств.
Самым выдающимся произведением Мухтара Ауэзова является роман-эпопея «Путь Абая». Это произведение занимает уникальное место в казахской литературе, прекрасно описывает жизнь и характер казахского народа, его национальную самобытность и является гордостью всего казахского народа.
В своей статье «Наука» ученый Мухтар Омарханулы писал: «Плохое поведение человека исходит не от природы, а от среды, в которой он вырос, от примера, которое ему подали, ведь исправление и разрушение происходит в молодом возрасте.»
Организаторы «Часа добропорядочности» уверены, прививая эти ценности молодому поколению, можно построить добродетельное общество, где не будет место коррупции, где будут ценными высоконравственные человеческие качества и честный труд.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив